Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешімі
(2014.18.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясының 2013.09.12. № 186 шешімімен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
1) осы қаулыны Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2013 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
| V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIX сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы | Т. Мұқашев |
Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 175 шешіміне қосымша