Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидияларын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-6/276 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № А-6/227 Қаулысымен күші жойылды
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | С. Кулагин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.Мамытбеков
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы