Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Төрағасының
2014 жылғы 12 мамырдағы
№ 171 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану
қағидалары
1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану туралы осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану тәртібін анықтайды.
2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және жедел-қызметтік іс-әрекетіндегі оң нәтижелері үшін қызметкерлерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабымен көзделген көтермелеулерді қоспағанда, көтермелеулердің келесі түрлері қолданады:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының алғыс хатымен марапаттау;