Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында кадр резервін қалыптастыру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу қағидалары;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру қағидалары;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі нұсқаулық;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары;
7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында тәртіптік комиссияны құру және жұмыс жасау қағидалары;
8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі нұсқаулық;