Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө бұйрығы
(2012.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу бланк нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу өтінім үлгісі;
3) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012.19.03. № 73-ө бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін құжаттар нысанын толтыру ережесі.
2. Мына құжаттардың күші жойылды деп саналсын:
1) «Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 21 қазандағы № 280-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3188 тіркелген, орталық атқару және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 14, 68 бет);
2) «Табиғатты пайдалануға арналған рұқсат беру бланкісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 12 тамыздағы № 223-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3826 тіркелген, 2005 ж. 14 желтоқсандағы № 233 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).