Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 Қаулысы
(2010.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Премьер-Министр | |
| Республики Казахстан | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 690 Қаулысымен мемлекеттік тізім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 наурыздағы
№ 279 қаулысымен
бекітілген
Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік
тізімі
| Р/с N | Ескерткіштің атауы | Еекерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Астана қаласы |
| 1. | Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының қойылымдық цехының ғимараты (бұрынғы Мұсылман мектебі) XIX ғ. | қала құрылысы және сәулет | Отырар к-сі, 31 |
| 2. | Конгресс-холл (бұрынғы Тың игерушілер сарайы) Сәулетшілер О.Н.Крауская, Д.К.Даннеберг, 1963 ж., 2000-2001 жж. қайта қалпына келтірілген | қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік к-сі, 1 |
| Алматы қаласы |
| 3. | Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының бас корпусы Сәулетші А.В.Щусев 1948-1953 жж. 1980 ж.- жапсарлас құрылыс | қала құрылысы және сәулет | Шевченко к-сі, 28 |
| 4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана Сәулетшілер В.П.Ищенко, В.Н.Ким, К.К.Кальпой, В.Н.Тютин, Э.К.Кузнецова 1970 ж. | қала құрылысы және сәулет | Абай даңғ., 14 |