Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 367 бұйрығына
3-қосымша
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері
және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу
қағидалары
(2016.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) біліктілік куәлігін алу үшін шарттарды айқындайды.
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.28.05. № 573 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау - біліктілік емтихандарын қабылдау арқылы Біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттардың (бұдан әрі - кандидат) білімдері мен дағдыларын айқандау рәсімі;
2) біліктілік емтиханы (бұдан әрі - емтихан) - модульдік тапсырманы шешу және тестілеуден өткізу арқылы кандидаттардың білімдері мен дағдыларын тексеру нысаны;
3) модульдік тапсырма - теориялық сұрақтар мен тестілерді көздейтін, кем дегенде екі тапсырмадан тұратын тапсырмалар көлемі.
3. Аттестаттауға жоғары техникалық немесе орта техникалық білімі, сабақ өткізу санатында жүргізуші куәлігі, кем дегенде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.
4. Кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайын бекітетін жұмыс жоспарларына сәйкес жылына кемінде екі рет өткізіледі.
5. Аттестаттаудан өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында, Кәсіптік бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында жарияланады және белгіленген аттестаттаудан өткізу күніне дейін екі айдан кешіктірмей кандидаттарға хабарланады.
6. Аттестаттауға тіркеу үшін кандидат Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;