Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығы
(2013.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсіби стандарт құрылымы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Г. Әбдіқалықова |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013.31.12. № 689-ө-м бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 374-ө-м бұйрығына
1-қосымша
Кәсіби стандарттың құрылымы
1. Жалпы ережелер
2. Кәсіби стандарттың паспорты:
1) экономикалық қызмет түрі ______________________________________________________________________________
2) кәсіби қызмет саласы ___________________________________________________________________________________
3) кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты __________________________________________________________________
4) еңбек қызметінің түрі, қызметкер (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауы, біліктілік деңгейі: