Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жауапты хатшысының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 396 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 1 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2014
Дата последнего изменениявторник, 1 июля 2014

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жауапты хатшысының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 396 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 63-бабына және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Операциялық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:

Операциялық жоспардың тармақтарының орындалуы жөніндегі ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде тоқсан қорытындылары бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментіне ұсынсын;

Операциялық жоспардың іс-шараларын мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

Министрліктің Стартегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаментіне ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етсін.

3. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды талдау департаменті Министрліктің Жауапты хатшысына Операциялық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай ұсынсын.

4. Министрліктің Жауапты хатшысының 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 29 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Жауапты хатшы

З. Сағынов

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом