«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №43 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 236 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3492 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. С. Мамытбеков
10.09.2014 ж.
2014 жылғы 9 қыркүйек № 236
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері