Введите номер документа
Прайс-лист

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 292/8 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 28 августа 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 октября 2015

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 292/8 Қаулысы

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 252/8 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Қ. Бозымбаев

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 28 тамыздағы

№ 292/8 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами