Введите номер документа
Прайс-лист

«Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 22 сентября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2015
Дата последнего измененияпонедельник, 22 сентября 2014

Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 197-бабының 6-бөлігіне сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидасы бекітілсін.

2. «Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7738 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 тамыздағы № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықпен Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен мекемелерінің бастықтары және қызметкерлері таныстырылсын, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

 

Келісілді:

Қазақстан Республикасының

Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

17 қыркүйек 2014 ж.

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом