Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 1-қосымшаға сай;
2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 2-қосымшаға сай бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7190 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 қазанда № 488-490 (26882) жарияланған);
2) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері 2011 жылғы 12 тамыздағы №1-НП және «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 18 тамыздағы №2-НП нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 1-НП нормативтік қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7808 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 9 тамызда № 483-488 (27561) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы (В.В. Супрун) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.