Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № А-3/73 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/421 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 4 сентября 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 декабря 2015

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № А-3/73 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/421 Қаулысы

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № А-13/622 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № А-3/73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4102 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 8 мамырда жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде, сонымен қатар елді-мекендерде сыртқы (көзкөрімдік) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

келесі мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

«17. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет етуінің, рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде (әрекеттерде) ақпараттық жүйелерді пайдаланудың тәртібін сипаттау, осы регламенттің 4-ші, 5-ші және 6-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.»;

осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

С. Кулагин

 

Ақмола облысы әкімдігінің

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами