Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 922 Жарлығы

Информация о документе
Датапонедельник, 6 октября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с 6 октября 2014
Дата последнего измененияпонедельник, 6 октября 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің нышаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы болып белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі эмблемасының бейнесі мен сипаттамасы бекітілсін.

3. Былай деп айқындалсын:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің туы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының кабинетінде орнатылады. Ту үй-жайдан әскерлердің шеруіне, жеке құрамның қатысуына байланысты іс-шараларға және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатысуына байланысты барлық қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметтік ғимараттарында орнатылады;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен және өзге де нормативтік актілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі нышандарының бейнесін пайдаланудың және міндетті қайта жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің нышандарын дайындауды бюджетте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін ұстауға бөлінетін қаражат есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом