«Полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 Қаулысы
(2023.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 509 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Пробация қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 404 бұйрығын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 509 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабының бірінші бөлігіне және 172-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 509 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған полиция қызметкерлері пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: