Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1207 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 150-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары;
2) дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманың нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1207 қаулысымен
бекітілген
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет
түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер