Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 Қаулысы
(2025.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 1033 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2020.20.10. № 678 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2020.20.10. № 678 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.19.04. № 304 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру тәртібін айқындайды.