Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2013.29.08 № 627 ЖАРЛЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы

 

Осы редакция 2014 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары әскери киім нысанының ескі үлгілерін кию мерзімінің ескере отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде кезең кезеңімен осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы тамыздың 29-ы.

 

№ 627

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 29 тамыздағы

№ 627 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының
ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ

I. Арнаулы киім нысаны мен айырым белгілерін сипаттаған кезде пайдаланылатын ұғымдар

 

1. Осы Жарлықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) амуниция - қаруларды, оқ-дәрілер мен басқа да жабдықтарды алып жүруді жеңілдететін нысанды киім заттары (белбеулер, шағын сөмкелер, жақпарлы кеудешелер);

2) арнаулы киім нысаны - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және қызметкерлердің ұлттық қауіпсіздік органына, Сыртқы барлау қызметі саласындағы уәкілетті органға, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне тиістілігін айқындайтын айырым белгілер;

3) айырым белгілері - қызметкерлердің дербес арнаулы атақтарын, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының түрлеріне тиістілігін білдіретін арнаулы киім нысаны жабдықтарының элементтері.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом