Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 33/254-V шешімі
Қалданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 141-1 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 108 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2441-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
«389 543 351» деген сандар «385 371 691» деген сандармен ауыстырылсын;
«1 823 648» деген сандар «2 176 871» деген сандармен ауыстырылсын;
«377 623 847» деген сандар «373 098 964» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
«387 736 440» деген сандар «383 564 780» деген сандармен ауыстырылсын;
4-1-тармақтағы он бірінші абзац алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | А. Сопбеков |
| Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Ержан |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2014 жылғы 27 қарашадағы № 33/254-V
шешіміне қосымша
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V
шешіміне 1-қосымша
2014 жылға арналған облыстық бюджет