Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін
зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 Бұйрығы
(2010.20.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.20.12. № 767 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 20) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтер бекітілсін.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.20.12. № 767 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті облыс, Астана Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Министрдің міндетін атқарушы | А. Евниев |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 8 қаңтардағы № 6
бұйрығымен бекітілген