Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығы
(2016.27.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.27.06. № 274 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 18-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2016.27.06. № 274 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің 2016.27.06. № 274 бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 21 қазандағы
№ 64 бұйрығымен бекітілген
Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер