Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығы
(2025.05.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.13.07. № 513 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.18.08. № 333 бұйрығымен (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.18.08. № 333 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.13.07. № 513 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.18.08. № 333 бұйрығымен (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса берiлiп отырған Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |