Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 Қаулысы
(2025.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 214 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Құпия.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1357 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 214 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 214 Қаулысымен (2024 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.08. № 680 Қаулысымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қорғаныс объектілері - қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары, қарапайым баспаналар, азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары;