Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-II Заңы
(2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «аудиторлар мен», «аудитормен немесе», «аудиторды және», «аудитордың немесе», «аудитордың және», «аудиторды немесе», «жеке кәсіпкер ретінде аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлар және», «аудиторларды немесе», «аудиторларға және», «аудитор және», «аудитор немесе» деген сөздер алып тасталды (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар)
2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың (8-14 баптар)
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы (15-17 баптар)
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі (18-21 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (22-23 баптар)
Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аудиттеу субъектiсi - аудиторлық ұйыммен аудит жүргiзуге шарт жасасқан заңды тұлға;
2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi;