Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.17.05 № 499 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 17 мамырдағы

№ 499 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Жоғары білім жоғары оқу орындарында - институттарда және оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) беріледі.

Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жоғары білімді кадрлар даярлау.

4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарға, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

 

 

2. Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

 

5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

6. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (тиісті органның оқу орнының басшысы) жүзеге асырады.

7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары - проректорлары болады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом