«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 Қаулысы
(2016.21.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 643 Қаулысымен 2020 ж. 15 қарашадан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың екінші, үшінші абзацтары 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың алтыншы, жетінші абзацтары 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: