Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімі
Осы редакция 2014 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 21-2-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында:
1. Қоса берілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.
| Адам құқықтары жөніндегі уәкiл | А. Шәкіров |
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 20 өкімімен
бекітілген
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын алдын ала болу үшін іріктеу тәртібін белгілейді.