Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/545 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/35 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-ші, 238-баптарына сәйкес, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5С-31-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| «КЕЛІСІЛДІ» Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | Н.Дьячек |
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ А-10/545 қаулысына
1-қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдеу бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы), провизор.