Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892 бірлескен бұйрығы
(2020.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексі 232-бабының 10-бөлігіне сәйкес бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Бұйрықпен бірлесіп қатысатын мемлекеттік органдардың басшылық және жеке құрамы таныстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «А» басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарялануы тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | А. Күреңбеков |
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің төрағасы | Қ. Қожамжаров |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы | Н. Әбіқаев |
| Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі | Қ. Қасымов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
А. ДАУЫЛБАЕВ
2014 жылғы 19 желтоқсандағы