Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 292 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімдері | Болжанатын шығыстар, млн. теңге | Қаржыландыру көзі | Бюджеттік бағдарламаның нөмірі |
| оның ішінде |
| 2014-2020 жылдарға барлығы | 2014 жыл* | 2015 жыл* | 2016 жыл* | 2017 жыл* | 2018 жыл* | 2019 жыл* | 2020 жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |