Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 бұйрығы
(2025.31.05 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2022.27.05. № 191 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің 2023.14.06. № 229 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы