Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығы
(2014.20.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.14.08. № 510 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.20.08. № 535 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті және тексеру өндірісін ұйымдастыру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.