Введите номер документа
Прайс-лист

«Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 146 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 25 ноября 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 августа 2021

Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 146 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

В. Школьник

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы 25 қарашадағы

№ 146 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғаларға қалдықтарды басқару бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу тәртібін белгілейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом