Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығы
(2015.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (С. М. Жұманғарин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 150 бұйрығымен
бекітілген