Введите номер документа
Прайс-лист

«Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 79 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 10 февраля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 января 2016

Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 79 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тiзбесi бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 10 ақпандағы

№ 79 бұйрығымен бекітілген

 

 

Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе

апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің

 тiзбесi

 

1. Тамақ өнімдері.

2. Жанар-жағармай материалдары.

3. А-4, А-3 форматты «қағаз».

4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жұмыстар.

5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.

6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.

7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.

8. Автокөлік қызметтері.

9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом