Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 57 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 28 мамырдағы № 113 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің 65-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/188 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9096 тіркелген, 2014 жылғы 8-ақпандағы № 27 (28251) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі