Введите номер документа
Прайс-лист

«Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 Қаулысы (2019.16.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 16 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 9 октября 2019

Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 Қаулысы

(2019.16.09. берілген өзгерістермен)

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 402-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2019.16.09. № 689 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 16 ақпандағы

№ 59 қаулысымен

бекітілген

 

 

Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы,
пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың

тізбесі

 

А тізімі

 

1. Амитон: О, О-диэтил-S-[2-диэтиламино)этил] тиофосфат және тиісті алкилденген немесе протондалған тұздар

2. 1,1,3,3,3-пентафтор-2-(трифторметил)-1-пропен

3. 3-хинуклидинилбензилат

4. Құрамында бір метилді, этилді немесе пропильді (қалыпты немесе изо-) топ байланысқан фосфор атомы бар, бірақ көміртегінің басқа атомдары жоқ химикаттар, мысалы, метилфосфонилдихлорид, диметилметилфосфонат (фонофос: О-этил S-фенилэтилфосфонитиолтионат жатпайды)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом