Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 16 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 16 февраля 2015
Дата последнего измененияпонедельник, 16 февраля 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 Қаулысы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 16 ақпандағы

№ 60 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1625 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 723 қаулысы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом