Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 және «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 683 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне айырманы өтеу халықаралық ұйымда жұмыс істеген күннен бастап саналады, халықаралық ұйымның ішкі актілер мен еңбек шарттарында нақтыланса.»;