Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 Қаулысы
(2025.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022.18.06. № 406 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.27.05. № 371 Қаулысымен (2025 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2025.27.05. № 371 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2022.18.06. № 406 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.27.05. № 371 Қаулысымен (2025 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Мннистрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2022.18.06. № 406 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.22.08. № 682 Қаулысымен (2024 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.27.05. № 371 Қаулысымен (2025 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 мамырдағы
№ 474 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер