«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 682 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу Қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 22 тамыздағы
№ 682 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 мамырдағы
№ 474 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер