Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығы
(2015.04.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 15-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласында аттестаттау жүргізу ережелерінің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. «Аттестациялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 38 бұйрығы жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Мусиновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.09.02. № 65 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 452 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 319 бұйрығына
қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау
комиссиясының құрамы
| Салидат Зекенқызы Қайырбекова | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі, комиссия төрайымы; |