Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығы
(2015.11.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.11.12. № 651 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-4-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2015.11.12. № 651 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2015.11.12. № 651 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 24 бұйрығымен бекітілген
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер