Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15 бұйрығы
(2015.20.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығымен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
қағидалары