«Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 123 бұйрығы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 123 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін
атқарушысының
2014 жылғы 7 наурыздағы № 98
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу
қағидасы