Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/43 бұйрығы
(2025.16.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.01.10. № 262 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 212) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18-02/43 бұйрығымен
бекітілген
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектілері жағалауларындағы
ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу
қағидалары
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.01.10. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)