Орал қаласы әкімінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 3 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7 шешімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 30 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес және Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласы әкімінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 3 «Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 тіркелген, 2014 жылғы 13 наурызда «Жайық үні» газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Орал қаласының сайлау учаскелеріндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары-мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімінің міндетін атқарушы | Ғ. Орынғалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясының
төрайымы
А. Ә. Төкешева
27 ақпан 2015 жыл
Орал қаласы әкімінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 7 шешіміне қосымша
Орал қаласы әкімінің
2014 жылғы 17 ақпандағы