Ақтөбе қаласы әкімінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 179 «Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3 шешімі
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 4 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласы әкімінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 179 «Ақтөбе қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3768 болып тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ж. Оразаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
М. Тәджібаева
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласының әкімінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 3 шешіміне
ҚОСЫМША
Қала әкімінің
2014 ж. 20 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
ҚОСЫМША
Ақтөбе қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі
Ақтөбе қаласы, В.Чапаев көшесі, 8,
№ 14 орта мектеп, тел. 21-16-48