Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 24 маусымдағы № 55 Бұйрығы
(2014.08.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы статистикалық есептің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Бас прокурорының 2014.08.10. № 112 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларды есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тіркелімінде № 2741 тіркелген) 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына:
осы бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларды есепке алу туралы Нұсқаулықта:
8-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«8. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) ол туралы қаралған істің (материалдың) нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың № 1-К нысанды кәртішкесін (әрі қарай - кәртішке), екі данада қояды.»;
Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты: